19:40, 18 Қараша 2023 | GMT +5
Павлодар облысында 7 жасар қызды іздеуге тікұшақ жұмылдырылды
17 қарашада сағат 21.48-де Павлодар облысындағы ТЖД-ға Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға ауылында 2015 жылы туған бала жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazinform.

Хабарлама келіп түскеннен кейін құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметі, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілер бірден қызды іздеу жұмыстарына кірісіп кетті. Жергілікті аймақта жедел штаб ұйымдастырылды.
Іздестіруге барлығы 321-ден астам адам, 38 бірлік техника, 1 авиаборт қатысады.
Жоғалған адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.