Павлодар облысында бірқатар бағытта көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы 28 наурыз сағат 21:00-де күннің бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.
- Шектеулер «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 0 — 152 шақырым аралығындағы учаскесінде (Павлодар қаласы — РФ шекарасы) барлық көлік түрлерінің қозғалысына енгізіледі, - делінген хабарламада.
Жолды 2026 жылғы 29 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.