Павлодар облысында екі балаға мерзімі өткен вакцина салу жағдайы анықталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Павлодар облысының прокуратурасы егу науқанын жүргізу заңдылығына медициналық ұйымдарды тексеріп жатыр, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Қызылшаға қарсы вакцина ны әдейі салғызбай отырған ата-аналар қатары көп – Үкімет басшысы
Фото: gov.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 21 млн теңгеден астам сомаға 9,5 мыңнан астам вакцинаны тиімсіз пайдалану фактілері анықталды.

Атап айтқанда, Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан дәрі-дәрмектер өтіп кеткен жарамдылық мерзімімен медициналық мекемелерге жіберілген.

Павлодар емханаларының біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді.

Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 бала вакцинацияланған.

Қарсы тексеруде кәмелетке толмағандарды қызылшаға қарсы жалған вакцинациялау фактілері анықталды.

«Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылды, кінәлі адамдар жауаптылыққа тартылды,-делінген Павлодар облысының прокуратурасытаратқан мәліметтерде.

Соңғы жаңалықтар