Павлодар облысында маусымдық ЖРВИ-ға шалдыққандар саны азайып келеді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Соңғы аптада вирустық инфекция жұқтырғандар саны 51%-ға азайғаны тіркелген. Жалпы ауырғандардың 65%-ы — балалар. 

Павлодар облысында маусымдық ЖРВИ-ға шалдыққандар саны азайып келеді
Фото: Астана әкімдігі

Өңірлік санитариялық-эпидемиологтялық бақылау департаментінің мәліметінше, эпидемиологиялық маусым басталғалы ЖРВИ-мен ауырудың 81 576 жағдайы тіркелген. Науқастардың дені, яғни 65%-ы — 14 жасқа дейінгі балалар.

— Қазіргі уақытта ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай маусымдық кезеңге сәйкес жүріп жатыр. Соңғы бір аптада ЖРВИ-ға шалдығудың жаңадан 8 715 жағдайы анықталып отыр. Бұл мұның алдындағы аптамен салыстырғанда 51%-ға төмен. Ауруға шалдығу диниамикасының төмендеп келе жатқанын байқатады, — дейді Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзәгүл Дощанова.

Биылғы маусымда облыс аумағында гонконг тұмауын жұқтырудың 45 дерегі анықталған. Оның 3-уі соңғы аптада тіркелген. Мамандар ауруға шалдыққандардың 23-і 14 жасқа дейінгі балалар екенін айтады. Павлодар қаласында — 22, Екібастұзда — 10, Ақсу қаласында 2 жағдай тіркелген. Сондай-ақ Аққулы, Павлодар, Шарбақты, тереңкөл аудандарында тұмаудың жаңа түрі белгілі болды.

«Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының вирусологиялық зертханасында тұмауға тән емес 563 сынама зерттеліп, 7 жағдайда риновирус, бокавирус, коронавирус жұқтыру жағдайлары анықталған.

Бұған дейін Павлодар өңірінде гонконг тұмауына 42 адам шалдыққаны туралы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар