Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында тамыз айы ыстық әрі жауынды-шашынды болады деп күтілуде

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Тамыз айында Павлодар облысы аумағында ауа температурасы кей күндері +36 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Ай бойы ауа райы құбылмалы болады.

Қазақстан бойынша ауа райы күрт нашарлайды: бұршақ пен аптап ыстық қатар жүреді
Коллаж: ЖИ

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ертіс-Баян өңірінің басым бөлігінде тамын айында айлық орташа ауа температурасы +17…+19 градус шамасында болады деп күтілуде. Бұл әдеттегі нормаға жуық.

- Тамыз айының басында аптап ыстықтар басылып, температураның төмендеуі болжануда. Түнде +11…+16 градустан +2…+7 градусқа дейін, күндіз +27…+32-ден +18…+23 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлады мекемеден.

Ал алғашқы онкүндіктің соңында температураның көтерілуі ықтимал. Ыстық 20 тамызға дейін сақталады. Түнде термометр бағаны +10…+15 градусқа, күндіз +28…+33 градусқа дейін көтеріледі.

Өңірдегі температураның құбылмалылығы тамыздың соңында да сақталады: түнде +6…+11 градус болса, күндіз +31…+36 градусқа дейін құбылады.

Ауа райын болжаушылар өткінші жаңбыр жиі жауып, найзағай жиі ойнайтынын ескертеді. Сондай-ақ секундына 15-20 метрге дейін соғатын жел жиі күтіледі. Айдың басы мен ортасында бұршақ жаууы мүмкін. Екпінді дауыл да бірнеше мәрте қайталануы ықтимал.

Еске сала кетейік, Екібастұзда қатты бұршақ пен дауылдан кейін төтенше жағдай режимі жариялануы мүмкін.