Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысындағы көмір кенішінде 42 жастағы жұмысшы қаза тапты

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде 1984 жылғы тау-кен шебері ауыр жарақат алып, көз жұмған. Еңбек инспекциясы қайғылы оқиға бойынша тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Павлодар облысындағы көмір кенішінде 42 жастағы жұмысшы қаза тапты
Фото: Kazinform

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінен хабарлады.

— Жазатайым оқиға 2026 жылғы 24 шілде күні Баянауыл ауданындағы «Майкүбен Вест» АҚ аумағында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде 1984 жылы туған тау-кен шебері ауыр жарақат алып, салдарынан қаза тапқан, — деп мәлімдеді мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.

Еңбек инспекциясының мамандары қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарын ұйымдастырып жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, Ақмола облысында 18 жастағы жігіт токқа түсіп қаза тапты