Павлодар облыстық әкімдігінде инвесторлармен кездесу өтті
ВЛОДАР. 15 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда 14 қазанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов пен облыс басшысы Бақытжан Сағынтаев ірі бизнес өкілдері - «Glencore International AG» шведтік компаниясының бас директоры Айван Глайзенбергпен және ENRC компаниясының акционері Александр Машкевичпен кездесті,
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Швециялық қонақ - әлемдегі шикізат тауарларын және сирек жер материалдарын жеткізуші-компанияның басшысы ENRC тобына кіретін аймақтың жетекші кәсіпорындарымен танысты.
Б.Сағынтаев облыстың минералды-шикізаттық және индустриалдық әлеуеті, «Бизнестің жол картасы-2020» және Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы хабарлады.
Ол ENRC-ның ҮИИД бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлін нақтылап, көптеген әлеуметтік жобаларды орындау бойынша жауапкершілігін атап өтті.