08:02, 26 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодар облыстық әкімдігінің сайтында әкімнің жеке блогы ашылды
ПАВЛОДАР. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Әкімдіктің сайтында облысы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың жеке блогы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бақытжан Әбдірұлы блогқа келушілерге арнаған алғысөзінде: «Мен сіздермен өзімнің жеке блогымда кездескеніме қуаныштымын.
Біз интернет желісі арқылы Павлодар облысының тыныс-тіршілігінен қызықты және пайлады ақпараттар ұсынып отырмыз.
Бұл блогтан өздеріңіздің қалауларыңызша аймағымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы билік өкілдерінің қызметі жайлы мәліметтер алатын боласыздар.
Сонымен қатар, маған ұсыныс-тілектеріңізді жазып, өз ойларыңызбен бөлісуге шақырамын.
Сіздердің жазған барлық ой-пікірлеріңіздi оқып, міндетті түрде тиісті шаралар қолданатын боламын.
Жаңа блогтың сіздер үшін пайдалы және қызықты болатынына сенемін», деп атап көрсетті. Облыс әкімі талқылау үшін облыстың барлық саласына қатысты тақырыптардың тізімін ұсынып отыр.