Павлодар облыстық кітапханасында «Болашаққа ұмтылған өлке» кітап көрмесі ашылды

ПАВЛОДАР. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Өңірдің басты кітапханасында Павлодар облысының 75 жылдығына арналған «Болашаққа ұмтылған өлке» кітап көрмесі ашылды.

Павлодар облыстық кітапханасында «Болашаққа ұмтылған өлке» кітап көрмесі ашылды

Экспозицияға 200-ден астам кітап, фотоальбомдар, энциклопедиялар, анықтамалар мен мерзімді баспасөз қойылған.

Көрменің бөлімдеріне облыстың тарихы, экономикасы, ауыл шаруашылығы, ғылым мен мәдениет салалары бойынша, Павлодардың әйгілі тұлғалары жөнінде басылымдар қойылған.

Павлодарлық авторлардың деректі очерктері, көркем проза шығармалары және поэзияға арқау болған стендтер келушілердің қызығушылығын тудыруда.