Павлодар облыстық құрылыс басқармасына жаңа бастық тағайындалды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Рүстем Баширов облыстық құрылыс басқармасының бастығы болып тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Р.Баширов 1975 жылы Павлодарда туған. Павлодар мемлекеттік университетін - құрылысшы-инженер мамандығы, Қазақтың құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1999-2001 жылдары Павлодардың абаттандыру басқармасында маман болып қызмет етсе, 2001-2002 жылдары коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация департаментінде бас маман болған. 2002-2008 жылдары - сәулет және қала құрылыс департаментінде бас маман, бөлім басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек еткен.
Соңғы жаңалықтар