Павлодар облыстық мәслихатына үш депутат сайланады

ПАВЛОДАР. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мезгілінен бұрын депутаттық өкілеттіктері тоқтаған үш депутаттың орнына наурыздың 29-ында Павлодар облыстық мәслихатында сайлау өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық аумақтық сайлау комиссиясына сілтеме жасап. Босаған үш орынға барлығы 12 үміткер ұсынылып, олардың 10-ы тіркеліп отыр. Сайлау жарнасын төлемегені және кандидаттың жұбайының кірістері және мүлігі жөнінде декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы болмауы себепті екі үміткерді тіркеуден бас тартылды. Тіркелген кандидаттардың бірі әйел. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар - 8 (80%), орыстар ? 1 (10%), белорустар ? 1 (10%). Орташа жас шамасы ? 43 жас.«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясынан - 3, «Әділет» Демократиялық партиясынан ? 1, өзін-өзі ұсыну арқылы - 6 кандидат тіркелді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-шы бабының 1-тармағына сәйкес үш кандидат өздерінің партияларға қатыстылығын көрсеткен жоқ.
Соңғы жаңалықтар