Павлодар облыстық прокуратурасы арнайы салынған ғимаратта қоныс тойын тойлады
ПАВЛОДАР. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облыстық прокуратурасы аумағы 7 мың шаршы метрді құраған жаңа заманауи ғимаратта қоныс тойын тойлады.
Салтанатқа қатысқан облыс әкімі Ерлан Арын жаңадан қоныстанушыларды құттықтай отырып, жұмысты жақсарту жағдайлары прокурорларға үлкен нәтижелілікпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретініне сенімін білдірді.
Жаңа ғимараттағы залдардың бірі мұражайға арналған. Стендтерде қадағалау органының тарихы, мұрағат құжаттары, өткен жылдардың киімдері және т.б. құжаттар ілінген.
«Соңғы екі жылда Қазақстан аймақтарында облыстық және аудандық прокуратуралар үшін 37 ғимарат салынды», - деп хабарлады ҚР Бас прокурорының орынбасары Нұрмахан Исаев, «мұндай жағдайдың ел тарихында болмағанын» атап өте келе.
Биылғы жылы республикада прокуратуралардың тағы жеті ғимараты салынады, олардың екеуі - Павлодар облысының Ақсу қаласы мен Ақтоғай ауданында.