Павлодар облыстық соты жас қызметкерлердің есептерін қолдады
ПАВЛОДАР. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облыстық соты бейімделу кезеңінен өткен жас судьялардың есебін тыңдап, қолдауын білдірді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Пленарлық отырыста судьялыққа кандидат жеті маманның есебіне жақсы тұжырымдама жасалып, екі тәжірибе жинақтаушының есебінің тыңдалуы кейінге қалтырылды.
Отырыстың соңында тамаша жұмысы мен сот жүйесінің дамуына үлес қосқаны үшін ҚР Судьялар одағы орталық кеңесінің мүшесі Гүлнар Рсыпекова «Үш би» құрмет белгісін алды.