Павлодар облыстық сотында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған шара өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облыстық сотында «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павлодар облыстық сотында ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған шара өтті

Іс-шараға Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов, «Павлодар облысының Соттар әкімшісі» РММ басшысы С.Ахметбеков, облыстық соттың судьялары мен мамандары, облыс орталығында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары, сонымен қатар, аумақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шараны аша отырып, Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов салтанатты жиынға қатысушыларды алда келе жатқан мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтың сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануына тарихи алғышарт және аталмыш мереке күнін белгілеуге негіз болғандығын атап өтті.

«Бұл жеңіс жоғарғы сенімнің белгісі, Қазақстан халқының жауапты таңдауы болды. Бірінші желтоқсан біздің мемлекетіміз үшін тарихи күн, сол себептен біз осы атаулы күнді Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні ретінде тойлаймыз», деді.

Іс-шара щеңберінде салтанатты түрде сот жүйесі қызметін ең үздік жарыққа шығару байқауын өткізу қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін Құрмет грамоталармен марапаттау рәсімі өтті.

Байқау қорытындысы бойынша «Мемлекеттік тілде сот жүйесінің қызметін ең үздік жарыққа шығару» номинациясы бойынша - Айдана Қуанышева («Сарыарқа самалы» аумақтық газеті) Құрмет грамотасына ие болды. Ал, «Павлодар облысы сот жүйесінің қызметін белсенді жарыққа шығару» номинациясы бойынша марапатты мерзімді БАҚ арасында Марина Попова («Городская неделя» газеті) мен Ирина Адылканова («Наша жизнь») және Ольга Воронько («Время» республикалық газеті) иеленді.

«Павлодар облысы сот жүйесінің қызметі жөнінде белсенді ақпарат таратқаны үшін» номинациясын «Қазақстан - Павлодар» РТРК АҚ-нің телеарнасы, «pavlodarnews.kz» ақпараттық агенттігі бас редакторының орынбасары Светлана Воронова, «pavon.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Евгений Шультайс жеңіп алып, арнайы грамоталармен марапатталды.

null null null null null