Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облыстық сотының жаңартылған ғимаратында жыл қорытындылары бойынша брифинг өтті

ПАВЛОДАР. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық сотының төрағасы Әуезнұр Қаженов жаңартылған ғимаратта БАҚ өкілдерін өткен жылдың жұмысының қорытындыламен таныстырды,

Павлодар облыстық сотының жаңартылған ғимаратында жыл қорытындылары бойынша брифинг өтті

деп хабарлады оның баспасөз қызметінен.

«Судьялар үшін жұмыс қосылды, қаралған істердің жартысынан көбі - азаматтық талаптар. Екібастұз қалалық сотында бір судья айына орташа алғанда 140 азаматтық істі қарайды. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, ол анықталған нормативтен алты еседей жоғары. Бұл ретте істерді қараудың процессуалдық мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ», - деп атап өтті Ә.Қаженов.

Облыстық сот қызметкерлерінің жұмыс жағдайлары жақсарды. Ғимараттағы жөндеу жұмыстарының арқасында отырыс өтетін сегіз қосымша зал ашылды. Енді облыстық сотта 13 зал, үлкен конференц-зал және судьяларға арналған оқу сыныптары бар.