Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
АСТАНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайылов Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамына жаңа бастық - Мылтықбай Айтжановты таныстырды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
Бұған дейін М.Айтжанов осы департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған болатын.