Павлодар облыстық ТЖД-нің бұрынғы басшысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Облыстық соттан Романевич М.Н-ның Павлодар облыстық ТЖ басқармасы бастығы қызметінде жұмыс істеп, сондай-ақ өрт-техникалық минимум көлемінде өрт қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру кәсіптік комиссиясының төрағасы бола отырып, 2015 жылғы 17 наурыз бен 19 мамыр аралығында ЖШС-нің бірінің оқыту бөлімі бастығынан өрт қауіпсіздігі бойынша білімді тексеру кәсіптік комиссиясы отырыстарындағы хаттамаға және куәліктерге кедергісіз қол қою үшін бірнеше рет ақша түрінде пара алғанын хабарлады.
Бұдан басқа, Романевич М.Н., қаладағы ЖШС-нің бірінің заңгері Андриенко А.Г-мен келісіп, қабылдау комиссиясының бірқатар тұрғын емес көп атқарымдық нысандарды пайдалануға енгізу актісіне қол қою үшін 90 000 мың теңге сомасындағы параны бірнеше рет алған.
ТЖ басқармасының бұрынғы басшысы ҚР ҚК 366-бабының 3-бөліміндегі 4-тармақшасы (лауазымды адамның, пара берушінің пайдасына қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері үшін, өзіне ақшалай пайда түрінде пара алу) бойынша қарастырылған қылмысты жасауда айыпты деп танылып, аталған бап бойынша мүлкін тәркілеумен бірге жалпы режимдегі түзеу абақтысында 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.