Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ПАВЛОДАР. 6 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар облыстық соты прокурордың наразылығы бойынша Ақтоғай аудандық сотының Ақтоғай ауданының әкімі Жұмагелді Қожановқа қатысты әкімшілік істі тоқтату туралы қаулының күшін жойды.
Бұл хақында облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.
Оны ҚР әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 537 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде жаңа шешім шығарылды. Шенеунікке 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған.
Сот Ж.Қожанов «Ақтоғай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» басшылығына қатысты тиісті шара қабылдамаған деп шешті.
Кітапхана басшылығының әрекетінде заңнамада қарастырылмаған кәсіпкерлік іске қолғабыс ету белгілері анықталды. Бұл «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» заңға қайшы келеді.