Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысы Лебяжі ауданының еңбек ардагерлері мен көп балалы аналары Астанаға саяхат жасады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Лебяжі ауданының 26 ауыл шаруашылығы өндірісінің ардагерлері мен көп балалы аналары Астана қаласына жасаған сапарларынан мол әсер алып қайтты, деп хабарлайды Павлодапр облысы бойынша алғашқы болып Астанаға делегациясын жіберген аудандық әкімдік.

Павлодар облысы Лебяжі  ауданының еңбек ардагерлері мен көп балалы аналары Астанаға саяхат жасады

Олар Бейбітшілік және келісім сарайында, Отан қорғаушылар алаңында болып, «Отан қорғаушылар» монументінің жанында батырларды бір минуттық үнсізхдікпен еске алды.

Тұңғыш Президент мұражайында болып, Бәйтерек ғимаратына таңдана көтерілді.

Астанада болып қайтқан аудан тұрғындары Астана жаңа мыңжылдық қаласы деп аталуға толық құқығы бар екеніне көздері жетті.