Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысы Успен ауданына жаңа әкімі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Успен ауданының жаңа әкімі болып Сергей Саламацкий тағайындалды. Әкімді аудан тұрғындарына облыс басшысы Болат Бақауаов таныстырды. Аудандық мәслихат депуттатары оның кандидатурасын бір дауыстан мақұлдады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Успен ауданына жаңа әкімі тағайындалды

Сергей Саламацкий 1964 жылдың 16 тамызында Успен ауданының Успен ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. 

Өзінің еңбек жолын 1989 жылы К.Маркс атындағы ұжымшарда бас инженер болып бастаған.
1996-1997 жылдары Панфилов атындағы ұжымшар директоры, 1999 жылы «Успен АЭС» ААҚ бас инженері, кейін «Энергоцентр» ААҚ өндіру учаскесінің бастығы, «Павлодарэнергосервис» өндіру учаскесінің директоры, «Энергоцентр» АҚ учаске бастығы, «Ауыл» ҰСДП аудандық бірлестігінің төрағасы, Успен 25 КМ өндірістік оқыту шебері, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап, Успен селолық округінің әкімі, 2012 жылдан бастап, «Успен ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып қызмет атқарды.
2014 жылғы 30 маусымнан бастап, Успен ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.