Павлодар облысы Ұзынсу ауылында түйнеме бойынша карантин жарияланды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу округінде түйнеме бойынша карантин жарияланды, деп хабарлады Павлодар облысының санитарлық-ветеринарлық инспекторы Р.Нұрбеков.
None
None

Еске сала кетейік, сенбі күні ол брифингте жануарлар арасында сібір жарасы расталмағанын айтқан болатын.   

«Осыған дейін зертхана нәтижесі бойынша малда сібір жарасы бар деген күдік расталмаған болатын. Бүгін Астанадағы Ұлттық ветеринария бойынша референция орталығынан сараптама нәтижесі келді. Бұл жолы расталды.

Ветеринарлық куәландырусыз сойылған мал ауру болған. Павлодар облысы Ұзынсу ауылдық округі Ұзынсу ауылында карантин жариялау шешімі қабылданды. Дезбарьер, шлагбаум қойылды, барлық малға  ревакцинация жасалды. Аулаларды тексеру кезінде дертті жұқтырған жануарлар анықталмады», - деп хабарлады Рашид Нұрбеков.

Облыстық инфекциялық ауруханасының дәрігерлерінің ақпаратынша, 51 жастағы ер адам мен 31 жастағы келіншек ауруханаға түскен. Оларға етті ұстаған 30 жастағы ауыл тұрғыны қосылды.

«Ауруханаға түскендердің бірі ауыр жағдайда реанимацияда жатыр», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Екеуінің жағдайы орташа. 51 жастағы ер адамның жағдайы ауыр, ол жансаөтау бөлімінде.

Науқастар оқшауланды. Ертіс ауданында бақылауға алынған адамдардың саны 42-ге жетті.

 

Соңғы жаңалықтар