Павлодар облысына қарасты Железин ауданында мәдени мекемелер желісі қалыпқа келтірілуде

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын 13 ауылдық округтің барлығы жаңартылған мәдениет үйлерінде тойлайтын болады. Павлодар облысына қарасты Железин ауданындағы мәдениет мекемелерінің саны 11-ден 16-ға дейін артатын болады», - деді аудан әкімі Жанат Шұғаев.

Павлодар облысына қарасты Железин ауданында мәдени мекемелер желісі қалыпқа келтірілуде

Биылғы жылы бюджет және демеушілер қаражат есебінен аудандық Мәдениет үйінің алды жөндеуден өтіп, Есқара ауылындағы клуб қалпына келтірілді. Михайловка және Жаңажұлдыз ауылдарындағы мәдениет үйлерін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп қойды. Захаровка ауылындағы клуб аудандық бюджет есебі мен демеушілік қаражат есебінен қалпына келтірілді.

Мәдениет мекемелер желісін қалпына келтіруге шаруа қожалықтарының басшылары мен ауылдың кәсіпкерлері белсене ат салысуда.