Павлодар облысында 1 млн. га астам жерге егін егіледі

Көктемгі дала жұмыстарына уақытылы кірісу мақсатында «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ құрылымдық бөлімшелеріне жалпы көлемі 1,16 млрд. теңгені құрайтын жеңілдетілген несие берілді. Өсімдік шаруашылығын қолдау үшін 2,6 млрд. тенге бөлінді. Ол 2014 жылғы көрсеткіштен 3,3% артық. Сондай-ақ, тыңайтқыштар мен гербицидтердің бағасын арзандату - отандық 50% дейін, шетелдікті - 30 % дейін арзандату көзделген.
Көктемгі дала жұмыстарына биыл 15 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.
Машина-трактор паркінің дайындығы 93%, ауылшаруашылық құралдардың әзірлігі 94% құрайды. Жыл басынан 247,4 млн. теңгенің 20 техникасы сатып алынды, деп атап өтті Е. Әйткенов.
Өңір дәнді дақылдар мен дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдардың тұқымымен 129%, майлы дақылдар - 79%, картоп - 110%, жемшөп - 51,3% қамтамасыз етілді, деді Е. Әйткенов.