Павлодар облысында 3,4 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан Республикасында жүріп-тұру ережелерін бұзғаны үшін өткен жылы Павлодарда 3450 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап. Сот шешімдерімен 474 адам ел аумағынан шығарылды, олардың 33-і ? алыс шетелдің азаматтары. Көші-қон заңнамасын бұзу фактілері бойынша 12 қылмыстық іс қозғалды, олардың бесеуі - мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі, қалғандары - ел аумағынан кету туралы сот шешімін орындамау фактілері бойынша қозғалып отыр. Шетелдік жұмыс күштерін заңсыз тарту немесе пайдаланудың 60 фактісі анықталып отыр, олар бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Соңғы жаңалықтар