Павлодар облысында 555 полицей марапатталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шарада сөйлеген облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров әріптестерін құттықтады.

«Бұл тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жанын қиған азаматтардың ерлігін мен батырлығын көзге елестететін мереке.

Бізге елдің тыныштығын сақтап, Отан үшін қызмет ету үлкен абырой. Осы салтанатты күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс тілеймін»,- деді Амантай Әубәкіров.

Кәсіби мерекеге орай өңірдің бірқатар тәртіп сақшылары Ішкі істер министрінің бұйрығымен жаңа шендерге, сонымен қатар «Ішкі істер органдары» төсбелгілері мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Оған қоса, қызметтерін абыроймен атқарған полицейлер Павлодар облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.



Сый-құрметке полиция ардагерлері де кенелді. Сондай ардагерлерінің біріотставкадағы полковник Темірхан Матаев жастарды кішіпейілділікке, халыққа жақын болуға шақырды.

«Ішкі істер органдарында 30 жыл қызмет істедім. Біздің кезімізде техникалық қамсыздандыру өте нашар болатын. Мысалы, баспа машинасында жұмыс істеуге кезекке тұратынбыз. Ал, қазір полицейдің барлығында дерлік жеке компьютер бар. Жастарға айтарым, халыққа жақын болыңдар»,- дейді Темірхан Матаев.

Айта кетейік, мереке күні Павлодар облысының 555 тәртіп сақшысы әртүрлі наградалармен марапатталып, тағы 299 полицей жалпы сомасы 11 миллион теңге сыйақыға ие болды.

Мерекелік кеш концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар