Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында 9 мың гектар далалық жерді жойған өрт сөндірілді - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 9 мың гектар далалық жерді жойып жіберген өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Павлодар облысында 9 мың гектар далалық жерді жойған өрт сөндірілді - ҚР ТЖМ

Бейсенбі, 9 тамыз күні Павлодар облысындағы Қызылқақ ауылдық округінің аумағында дала өрті орын алды. Жалын тілі 9 мың гектар жерді шарпыды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Қызылқақ ауылдық округінің ерікті өрт сөндірушілер құрылымындағы 30 адам мен 4 техника жұмылдырылды.