08:18, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Павлодар облысында әкімдер есеп беруге әзірленуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарының басшылары халық алдында есеп беруге әзірленуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, селолық округтердің, ауылдар мен кенттердің басшылары тұрғындармен қаңтардың 12-сі мен 18-і аралығында кездесулер өткізсе, қалалар мен аудандардың басшылары қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында кездеседі. Кездесулердің кестелері жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жариялануда. Ал қоғамдық ғимараттардың жандарында жазбаша ұсыныс-тілектер мен ескерту-сындарға арналған пошта жәшіктері орнатылған. Облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кездесуі ақпанның 6-сында халық өкілдерінің қатысуымен өтетін облыстық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында өтеді.