Павлодар облысында әр ескерткішке жауапты адамдар болады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Болат Бақауов өңірдегі әрбір ескерткіштің қожайыны болуы қажеттігін талап етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
None
None

Бүгінгі таңда өңірде 283 ескерткіш тіркелген, соның 53-і облыс орталығында. Павлодардағы ескерткіштердің 11-і мемлекет меншігіне жатады, 13-і жекенің қолына қараса, тағы 16-сы мәдениет ошағы. Кейбір ескерткіштерге қарайтын жауапты адамдар немесе ұйым жоқ.

«Павлодар аумағында қожайыны жоқ 7 ескерткіш бар. Олар: Зейін Шашкиннің бюсті, Қалижан Бекхожин, Батыр Баян, Малайсары батыр, Шоқан Уәлиханов, Григорий Потанин, Жүсіпбек Аймауытов, Майра Шамсутдинова сынды тұлғаларға орнатылған ескерткіштер», - дейді Павлодар мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Гүлзира Баширова.

Оның айтуынша, Павлодар әкімі жыл соңына дейін аталған ескерткіштердің күтіп ұстаушыларды анықтауды тапсырған.

«Ескерткіштерді дұрыс сақтау қажет. Бізде үнемі ескерткіштерге байланысты мәселе туындап жатады. Бір жердің плиткасы опырылып түседі, бір жерде жарық жанбайды. Сондықтан әрбір ескерткіштің, ескерткіш тақталардың да жауапты адамы болуы тиіс», - дейді әкім.

Соңғы жаңалықтар