Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында «Арна-2009» операциясының бірінші кезеңі аяқталды

ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫ.   Қазанның   2-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -  Павлодар  облысында    есірткі  және  еліткіш  заттардың   контрабандалық      жеткізілімдерінің  жолдарын  кесу  жөніндегі «Арна-2009»   кешенді операциясының бірінші кезеңі аяқталды, бұл шара  қыркүйектің соңғы  онкүндігінде өтті.

Павлодар  облысында   «Арна-2009»   операциясының бірінші кезеңі аяқталды

Ресеймен  шекаралас  төрт ауданға, Новосібір,  Омбы  облыстарына және  Алтай өлкесіне     баратын     жолдар бақылауға алынды, деп  хабарлады  облыстық   ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен. 

Операция  барысында   есірткінің заңсыз  айналымымен байланысты  11 қылмыс  анықталды,  оның  алтауы - есірткі  сату фактісі.      142 грамм    тыйым салынған  еліткіш заттар  тәркіленді.    Есірткімен байланысты  қылмыстар  үшін 27 адам     жауапқа  тартылды.