Павлодар облысында аумағы 56,8 гектар орман өртенді
АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Железин ауданында орналасқан Михайлов орман шаруашылығының аумағындағы «Орман және жануарлар әлемін қорғау бойынша Үрлітөбе мекемесі» ММ-де 9 қыркүйек күні сағат 11:35-те орман өрті болды.
Өрт сағат 15:45-те сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға Михайлов орман шаруашылығындағы 5 адам мен 2 техника бірлігі; ерікті өрт сөндірушілер құрылымының 5 адамы мен 1 техникасы тартылды. Өрт орманды алқаптың 56,8 гектарын жалмап кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.