Павлодар облысында ауыл тұрғындарының саны 34 мыңға азайған

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында соңғы 10 жыл ішінде елден қалаға көшкендер саны көбейіп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Қазіргі кезде өңірде ауылда тұратын халық үлесі небәрі 30%. Қазақстанда бұл көрсеткіш 42%-дан артық. Бұл туралы Павлодар облысы Қазақстан фермерлер одағының есеп беру-сайлау конференциясында «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері жөнінде бөлімінің басшысы Владимир Берковский мәлімдеді.

 «Тәжірибе көрсеткендей, урбанизациядан ешқайда қашып құтыла алмайсың... Сондықтан бұл үдерістерді басқаруымыз қажет»,-дейді Владимир Берковский.

Оның пікірінше, ауыл-аймақтан білімді, жас, бастамашыл адамдардың көшіп кетуі ауылдың экономикалық тоқырауына әкеп соқтырады. Халықтың ауылдан қалаларға қоныс аударуының негізгі себебі - заманауи тұрмыстық жағдайдың болмауы. Тереңкөл ауданында бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың қолданысқа берілуінің арқасында бұл ауданда ауыл тұрғындарының саны азаймаған. Мәселен, бұл ауданда жыл сайын үш мың шаршы метр баспана салынып, жұмыс орындары ашылуда.

- Ауылдықтар өздеріне ыңғайлы жағдай іздейді. Олар үйлерінде орталық су және жылумен қамту жүйесі мен жылы әжетхана болғанын қалайды. Осы орайда біз алға қарай зор қадам басқанымызды атау керек. Десек те, ауылда орталық жылу жүйесі тек Галицкое ауылында ғана бар, - дейді Владимир Берковский.

Осы мәселені шешу үшін «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілі ауылды электр энергиясының көмегімен жылытуды ұсынды. Өйткені облыста энергиялық қуат жеткілікті. 

Соңғы жаңалықтар