Павлодар облысында «Балапан» және «100 мектеп, 100 аурухана» президенттік бағдарламалары мерзімінен бұрын орындалмақ

деп атап көрсетті Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев кеше, 19 қаңтарда «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының конференциясында.
Былтыр облыста «Балапан» бағдарламасының аясында 20 балабақша мен 100-ден астам шағын орталық ашылды. Өткен жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, балабақша жасындағы балалардың 51,1 пайызы мектепке дейінгі дайындықпен қамтылса, биыл бұл көрсеткіш 77,2 пайызға жетіп отыр.
«100 мектеп, 100 аурухана» президенттік бағдарламасы бойынша облыстың Железинка ауылында орталық аурухана, Павлодар және Ақсу қалаларында емханалар, облыстық туберкулез диспансерінің жаңа корпусы, Ертіс ауданында мектеп салынды. Ал биыл аймақтық кардиологиялық орталықтың құрылысы аяқталмақ.