Павлодар облысында биыл 70 сәбидің ата-анасы вакцинадан бас тартқан

 АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы үш айдың ішінде Павлодар облысында 70 сәбидің ата-анасы вакцина алудан бас тартқан. Бұл мәліметтерді агенттіктің жолдаған ресми сауалына берген жауабында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов жария етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Жоғарыда аталған азаматтар бес жағдайда (7,1%) діни көзқарасына, 46-сы (65,7%) жеке себептерге байланысты екпе алуға келісімін бермеген. Сондай-ақ 16 жағдайда (25,7%) вакцинаға сенім білдірмесе, үш жағдайда (4,2%) негативті пікір білдірген. Көбінесе медициналық көрсеткіштер бойынша бір жыл толғанға дейін екпеден уақытша бас тартады. 2016 жылы 224 екпеден бас тарту оқиғасы тіркелінген. Оның ішінде жеке себептер бойынша - 134 (66,7%) жағдай, 35-і (15,8%) вакцинаға сенбеуден, 11 жағдай (13,8%) діни себептерге байланысты және 4 жағдайда (1,8%) БАҚ-тан кері ақпарат алуы әсер еткен.

Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысына сәйкес әзірленген Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес балалар туберкулезге қарсы, В вирустық гепатитіне, көкжөтел, дифтерия, сіреспе, гемофильді жұқпа, қызылша, қызамық, эпидемиялық, пневмококтік, жұқпалы паротит, полимиелит екпелерін алады.

Айта кетерлігі, 2017 жылы облыс бойынша 0-ден бастап 16 жас аралығында екпе алатын балалардың саны - 134 600. Өңірде былтыр және биылғы жылы вакцинадан асқыну жағдайлары тіркелмеген.

Соңғы жаңалықтар