Павлодар облысында дауыл салдарынан келтірілген шығындар есептелуде
Брифингте облыс әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Асқар Жалдинов «қалпына келтіру жұмыстары төтенше резерв қорынан бюджет қаражаты есебінен орындалатынын» хабарлады. Кепілдік мерзімі аяқталмаған нысандарда жөндеу жұмыстары мердігерлік ұйымдар есебінен жүргізіледі».
Облыстың ТЖД ақпараты бойынша барлығы өңір аумағында тұрғын үйлердің, әкімшілік ғимараттар мен әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысандардың шатыры зақымданған 29 жағдай тіркелді. Зақымданған шатырлардың жалпы алаңы 5,6 мың шаршы метрден астамды құрады.
Баянауыл ауылында қатты желден орталық аудандық аурухана қазандығының түтін шығатын тұрбасы майысып қалған.
Облыстың жеті ауданында күшті жел салдарынан электр энергиясы өшкен. «Қазіргі уақытта елді мекендерде электр жүйесі толық қалпына келтірілді», деп хабарлады ТЖД.