Павлодар облысында егіс танаптары арттырылады

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында егістік алқаптары 1 миллион 37 мың гектарға дейін арттырылады. Оның 636 мың гектарына дәнді дақылдар егіледі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Нөлдік технология бойынша өңделетін алқаптардың көлемі 50-ден екі жүз мың гектарға дейін өседі. Ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлағанындай, шаруашылықтарда егіс егу кешендерінің жетіспеушілігі қар тоқтату технологияларының кең қолданысына кедергі болып отыр. Өңірде мұндай кешен саны 96 ғана, ал іс жүзінде үш есе артық болуы тиіс.Павлодар облысының аграрлық шаруашылықтары биыл лизинг бойынша 740 миллион теңге көлемінде ауыл шаруашылығы техникалары жеткізіліміне өтініш беріп отыр.
Соңғы жаңалықтар