Павлодар облысында халық санағына дайындық аяқталып келеді

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдікте өткен кеңесте Ұлттық халық санағын өткізуге қолдау көрсету жөніндегі облыстық комиссияның мүшелеріне күнделікті жұмыс режиміне ауысуды ұсынды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалар мен аудандардың басшылары мемлекеттік науқанның қорытынды кезеңіне дайындық барысы туралы баяндап берді. Облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары Мұхамеджан Өтегенов өз сөзінде, әкімшілік аумақтардың шекаралары нақтыланып, картографиялық материалдардың жаңартылғанын айтты. Көшелердің атаулары мен үйлердің ескі нөмірлерінің орындарына жаңа тақтайшалар орнатылды. Үйлердің тізімдері мен санақ және нұсқаулық учаскелерінің схемалары жасалып бітті. Статистика басқармасы қызметкерлерді оқыту ісін аяқтап келеді, бөлім меңгерушілері мен нұсқаушы-бақылаушылардың штаттары жасақталып бітті. Барлық өңірде санақ учаскелері орын-жайлармен, жиһазбен және телефон байланысымен жарақталған. Санақшылардың тегін жол жүруі туралы да мәселе шешімін тапты. 2009 жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында Қазақстан Республикасында Ұлттық халық санағы өткізіледі.
Соңғы жаңалықтар