Павлодар облысында І жартыжылдықта құрылыс ауқымы 35,9 пайызға өсті - статистика
ВЛОДАР. 27 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында І жартыжылдықта құрылыс жұмыстарының ауқымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35,9 пайызға өсті,
деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен. Барлығы 19 миллиард теңге қаржы игерілді.
Атқарылған жалпы жұмыстың 97 пайызы жекеменшік құрылыс ұйымдарының үлесі болса, шетелдік мердігерлердің үлесі 3 пайызды құрайды.
Барлығы 163 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның 96-сы - тұрғын үй нысандары. Облыс бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің басым бөлігі - 58,7 пайызы Павлодар қаласында орналасқан.