09:06, 16 Ақпан 2010 | GMT +5
Павлодар облысында Интернетті пайдаланушылардың саны 9 мың адамға артты
ПАВЛОДАР. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Интернетті пайдаланушылардың саны 9 мыңға артып,
42 мың абонентті құрады, деп хабарлады «Қазақтелекомның» облыстық филиалының директоры Асхат Күзеков. Селолық жерлерде Интернетке қосылғандардың саны 2 мың абонентке жетіп отыр.
Абоненттердің 70 пайызы ғаламторға қосылудың кең тарамды желісін пайдаланады, телекоммуникациялық қызметтің дамушы және кең сұранысқа ие осынау түрінің сатылу деңгейі былтыр екі есеге өскен.
«Өткен жылы қала тұрғындары телеарналарды сандық желілер бойынша тарататын интерактивті ID TV сервисіне қол жеткізді. Бұл сервис тұтынушыға өз қалағанын көруге және кино мен телебағдарламаларға тапсырыс беруге мүмкіндік береді. Базалық пакетке 56 арна кіреді», деп хабарлады А.Күзеков.