08:52, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Павлодар облысында қала мен аудан әкімдерінің есеп беру кездесулері аяқталды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында қала мен аудан әкімдерінің халық алдында есеп беру жиналыстары аяқталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 202 кездесуге 29 мыңнан астам қатысып, олардан 642 ұсыныс түсті. Атап айтқанда, 44 мәселе - ауызсумен қамтамасыз ету проблемасына байланысты болса, 25 мәселе - тұрғын үйге, 15-і ? жер телімдеріне, 57-сі- жол жөндеу мәселесіне, 100-і - білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салуға байланысты. Есеп беру кездесулерінің қорытындылары бойынша азаматтардың ұсыныс-ескертулерін жүзеге асырудың жоспары жасалады. Есеп беру науқанын Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев түйіндейді. Ол халық өкілдерімен ақпанның 6-сында өтетін облыстық мәслихаттың кезекті кеңейтілген сессиясында кездеседі.