Павлодар облысында КамАЗ бен жүк краны соқтығысып, ер адам қаза тапты - пойыздар қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. 11 қыркүйек. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Майқайың стансасындағы Майқайың-Қарасор теміржол өткелінде кеше «Аза» ЖШС-нің иелігіндегі КамАЗ бен дрезина-жүк краны соқтығысып қалды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Соқтығысу салдарынан КамАЗ жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. 6 пойыздың қозғалысы тоқтатылып, ол сағат 19:40-та қалпына келтірілді.