Павлодар облысында картоп бағасының маусымдық өсуіне жол бермеу әдісі табылды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында алдағы қысқы-көктемгі кезеңде картоп құнының өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.
None
None

Өңір билігі ішкі нарықты картоппен толық қамтамасыз ету үшін әр шаруашылық өнімінің 15%-ын қалдыруды және оны әлеуметтік дүкендерге килограмы 70 теңгеден аспайтын бағамен сатуды картоп өсіруші жергілікті ірі шаруашылықтармен келісті, – деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовтың қатысуымен басқармалар мен 16 шаруа қожалығының басшылары тиісті меморандумға қол қойды.

«Наурыз айында дүкен сөрелеріндегі картоп күрт қымбаттаған кезде халық түсінбей қалды, – деді Әбілқайыр Сқақов шаруалармен өткен кездесуде.

«Маусымаралық кезеңде белгіленген баға бойынша көкөніс өнімдерінің қорын қарастыруымыз керек. Әрине, бұған қоса картоп алыпсатарларының тізбегін бақылау керек, мұнымен де айналысамыз. Бірақ ең алдымен картоп өндірушілермен өзара түсіністікке қол жеткізу маңызды»-деді ол.




Соңғы жаңалықтар