09:09, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодар облысында Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзинді еске алуға арналған митинг өткізілді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеңес Одағының Батыры Қанаш Қамзиннің (1919-1944) туған жері Павлодар облысының Жолқұдық ауылында жерлестері еске алу митингін өткізді.
Қанаш Қамзин атындағы ауыл мектебінде мұражай ашылған, онда 52-ші атқыштар дивизиясы құрамында шайқасқан жерлестерінің өмірінен сыр шертетін хаттары сақталған.
Павлодарда Батырдың атында көше бар, кеуде-мүсін орнатылған. Мереке күндері қалалықтар онда гүл шоқтарын қояды.