12:27, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Павлодар облысында көлік иелері 119 млн теңгеге VIP-нөмір сатып алған
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Өткен жылы Павлодар облысының тұрғындары 119 млн теңгеден астам сомаға 383 жоғары сұранымға ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі сатып алған.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Өңірдің әуесқой автомобильшілері арасында ең танымал мемлекеттік тіркеу нөмірі 070 болып отыр", - дейді баспасөз қызметінде.
Бүгінгі таңда облыс жолдарында ондай нөмірмен 63 көлік (57 АЕК) жүруде. Өте танымал мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі - 707. Ал 50 облыс тұрғыны 50 АЕК нөмірінің иесі. Бұған қоса 47 адам мемлекеттік 077 (57 АЕК) тіркеу нөмір белгісін сатып алған.
Айта кетсек, 2019 жылдың қаңтар айында 20 автокөлік иесі жалпы сомасы 4 млн теңгеге жоғары сұранымға ие мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін сатып алған.