Павлодар облысында көпқабатты үйде болған өртте бір әйел мерт болып, екі бала газ иісіне уланды

ТАНА. 25 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысында көпқабатты тұрғын үйде болған өрт салдарынан бір әйел мерт болып, екі бала газ иісіне уланып қалды.

Павлодар облысында көпқабатты үйде болған өртте бір әйел мерт болып, екі бала газ иісіне уланды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, 24 қараша күні, кешкі сағат 6 шамасында Павлодар облысының Жаңа-Черноярка ауылындағы төрт қабатты үйдің екінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт тұтанды.

Жалынмен күреске жұмылдырылған ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы оны үш сағатқа жуық уақытта ауыздықтады.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 1986 жылы туған азаматшаның денесін тапты. Газ иісіне уланған 4 және 2 жасар екі сәби ауруханаға жеткізілді.

Тұрғын үйден 17 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы 48 шаршы метрді құрады.