Павлодар облысында мамандар Ертістегі балықтың қырылуына қатысты болжам айтты

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бірнеше күн бұрын ғаламторда Ертісте су бетіне өлі балықтар шыға бастағаны туралы хабар тараған. Бастапқыда өлі балықты тұрғындар Лебяжі ауданында, кейін Май ауданында, соңыра Ақсу қаласының стансасында байқаған.
None
None

Бүгні Павлодар облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің қызметкерлері аталған оқиғаға қатысты дереу шара қабылдап, су сынамасын зертханаға жібергенін және зерттеу нәтижесіне қатысты болжам жасалғанын хабарлады.

Мамандардың айтуынша, Ертіс суының қауіпсіз екені анықталды. Май, Лебьяжі аудандары мен Ақсу қаласындағы Ертіс өзенінен алынған сынама нәтижелері бойынша зерттеу мұны растады.

«Судағы қорғасын, мырыш, мыс, фтор және темір мөлшері нормативті көрсеткіштен аспайды, - деді облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Ирина Сорокина.

- Зерттеу кезінде ерітілген оттек мөлшерінің азайғаны, органикалық ластанғаны байқалды. Балық бойынша зерттеу нәтижелері жұма күні алынады», - деді И.Сорокина.

И.Сорокина Балықтар судағы оттегінің азаюы салдарынан қырылуы мүмкін деген болжам айтты.

«Балықтардың қырылуына әсер етуі мүмкін тағы бір жағдай - Шүлбі СЭС-тан суды төгу кезіндегі механикалық әрекет. Атап өту керек, суэлектростансасынан суды төгу су түсін өзгертуі мүмкін. Өңірлік орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы өкілдерінің пікірінше, кей өсімдіктердің гүлденуі кезінде тозаң өзенге түсіп, су түсінің өзгеруіне әсер етуі де мүмкін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар