Павлодар облысында мектеп орындарына тапшылық болмайды - Қ. Бозымбаев

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының ұстаздары бүгін тамыз конференциясында өткен жылдың қорытындысын шығарып, білім беру мекемесін дамудың инновациялық сатысына көтеру жоспарымен бөлісті.
None
None

Сапалы білім алудың маңызды құрамына оқушының заманауи білім алу орны да кіреді.

«Орталық органдардың орта білім беру мекемелерінде орындар тапшылығын жою бойынша проблемаларға назарын баса айтқым келеді, деді өңір басшысы Қ. Бозымбаев. - Облыста республикалық бюджет қаражатына бүгінде 5 мектеп салынуда. Олардың бірі Баянауыл ауданының Майқайың кентінде салынды. Білім мекемесі 1 қыркүйекте оқушыларға есігін айқара ашады. Екі мектеп Павлодарда салынуда. Жаңа мектептер келесі жылы Шарбақты ауданы Шарбақты ауылында, Ақсу қаласы ауылдық аймағының Қалқаман кентінде пайдалануға беріледі. Ертіс ауданы Қызылағаш ауылында апатты мектептің орнына 100 орындық жаңа мектеп салынды, бюджеттен құрылысқа 100 млн. теңге бөлінді».

Қ. Бозымбаевтың айтуынша, инновациялық үрдістер тұрақты жабдықтарды жаңартуды талап ететін ақпараттық технологияларсыз мүмкін емес. Жергілікті бюджет мектептерді компьютерлік техникамен жарақтауға қаражат бөлді. Бүгінде 1 компьютерге оқушылардың жабдықталуы бойынша көрсеткіш 6,6 құрайды, ал 2013 жылғы республикалық көрсеткіш - 11 оқушы.

Соңғы жаңалықтар