Павлодар облысында мектепті 3772 түлек тәмамдады

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодар облысындағы мектептерден 3772 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды.
None
None

Олардың мыңнан астамы облыс орталығындағы мектептерден түлеп ұшты. Павлодар қаласының әкімі Болат Бақауов нөмірі 17 мектепте өткен жиынға қатысты. «Сіздердің алдарыңызда қоғамның абыройлы азаматы болу үшін алға қойған жоспарларыңызды іске асыру, ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңыздың үмітін ақтау міндеттері тұр», - деді қала басшысы.

55 жыл ішінде №17 мектеп бес мыңнан астам түлекті ұясынан ұшырды. Ал биыл мектепті 32 оқушы бітірді. Солардың ішінде жеңіл атлетика бойынша халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері Дмитрий Пичугин, «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының абсолютты жеңімпазы Артем Зингер, ғылыми жобалардың халықаралық байқауының жүлдегері Ольга Чащина бар. Енді оқушылардың алдында ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру міндеті тұр. Ағымдағы жылы Павлодарда 700 астам оқушы ҰБТ тапсырады, соның ішінде 21 түлек «Алтын белгіге» үміткер.

Аймақта барлығы 2789 түлек ҰБТ тапсыруды жоспарлап отыр. Сынақ 2 және 5 маусым аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар