Павлодар облысында мүгедектерді оңалтуға биыл 855 млн. теңге жұмсалмақ

ПАВЛОДАР. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Биыл мүгедектерді оңалтуға облыстық бюджеттен 855 млн. теңге бөлінді, деп хабарлады әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен үйлестіру басқармасы.
None
None

Өңірде 28 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың 2286-ы мүмкіндігі шектеулі кәмелеттік жасқа толмағандар. Айта кетейік оларға ерекше назар бөлінуде.

 Өткен жылдан бастап ауыр түрдегі сал ауруына шалдыққан балалар үшін неміс фирмасының жоғары сапалы арбалары алына бастады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға дәрілерді сатып алу, үйде оқып, тәрбие алу, компьютерлік техника мен ғаламтор орнату үшін жәрдемақы төленеді.

Жоғары оқу орнында және орта білім беру мекемелерінде оқитын шамамен 120 мүгедек-студенттің оқу ақысы жартылай төленеді, 800-ге жуық мүгедек-бала үйде оқиды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар жеке көмекшілердің және әлеуметтік қызметкерлердің көмегіне ие, сондай-ақ оларға денсаулығын оңалту үшін санаторийге жолдама беріледі. Ал спортшы-мүгедектердің сайыстарға қатысу дайындығы төленеді.

Соңғы жаңалықтар