Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісі өсті

ПАВЛОДАР. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар облысындағы өнеркәсіп өндірісінің біршама өскендігі туралы статистика департаментінің директоры Дана Сұлтанова аймақ және республика журналистеріне арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісі өсті

2010 жылғы қаңтар-мамыр айларында Павлодар облысындағы өнеркәсіп өндірісі жеке көлемінің индексі 2009 жылғы сәйкес кезеңдегі мәліметпен салыстырғанда 139,3 пайызды құрады. Кәсіпорындар 401 млрд. теңге көлемінде өнім шығарып, қызмет көрсеткен.

Металлургия өнеркәсібінің көлемі 51,5 пайызға, мұнай өңдеу өнімдері өнеркәсібі - 61,9 пайызға, химия өнеркәсібі - 5,7 пайызға, түсті металл өнеркәсібі 24,4 пайызға, ұн және крахмалды өнімдер өнеркәсібі 2,2 пайызға өскен.

Электр энергиясы өнеркәсібі 17,7 пайызға, жылу энергиясы - 8,9 пайызға өскен.

Қалалардағы өнімнің жеке индексінің көлемі: Павлодарда - 168,6 пайыз, Ақсу - 141,1 пайыз, Екібастұз - 175,8 пайызды құрайды.