Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі жеті айда 1,3 пайызға өсті

ПАВЛОДАР. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қаңтар-шілде айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1,3 пайызға өсіп, 610,9 млрд. теңгені құрады, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Павлодар облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі жеті айда 1,3 пайызға өсті

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім - 2,4 пайызды, электрмен жабдықтау, бу және газ беруде - 5,2 пайыз болды.

Тау-кен өндірісі мен карьерлерді өңдеуде өндіріс көлемі 0,7 пайызға төмендеді.

Ауыл шаруашылығында жеті айда ішкі өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрады - физикалық көлемнің индексі 97,8 пайыз болды.

Бұл кезеңде облыстағы инвестициялар көлемі 105 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,7 пайызға көп.